Ирак мұнай министрлігі Түркияға тасымалданған мұнай жайлы мәлімдеді

Түрік және ирактық лауазымдылар Керкүктен Джейхан портына мұнай тасымалдау тақырыбын бағалады.

849537
Ирак мұнай министрлігі Түркияға тасымалданған мұнай жайлы мәлімдеді

Ирак мұнай министрлігі мәлімдемешісі Асым Джихад Түркия Энергия министрлігінен барған жоғары деңгейлі техникалық делегациямен бас қала Бағдатта Ирак мұнай саудалау фирмасы (SOMO) лауазымдыларымен мұнай саласында ортақ тақырыптарды қолға алғандарын білдірді.

Джихад жасаған жазбаша мәлімдемеде түрік делегациясымен қолға алған тақырыптардың басында Керкүктен Джейханға мұнай тасымалдауының жалғасқанын атап, аталмыш мұнайды тасымалдаудағы кейбір техникалық және әкімшілік мәселелерін бағалағандарын атап көрсетті.

Джихад келіссөздердің алдағы уақытта Түркияда өтетін жиналыспен жалғасуы тақырыбында келісім жасалғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар