Сербия шетел валютасы тізіміне түрік лирасын енгізеді

Сербия Орталық банкі шетел валютасы тізіміне түрік лирасын енгізетінін жариялады.

844822
Сербия шетел валютасы тізіміне түрік лирасын енгізеді

Мәлімдемеде «Түрік лирасы банктерде жүретін шетел валютасы қатарында орын алады... Және банктер арасында валюта нарығында Орталық банк тарапынан сатып алу және сату жұмыстары жүзеге асады» делінді.

Банк түрік лирасының шетел валюта тізімінде TRY және 949 кодымен 1 желтоқсан күнінен бастап іске қосылады.

Екеуі де Еуроодаққа толық мүшелік үміткері болған Түркия және Сербия президент Режеп Тайып Ердоғанның қысқа уақыт бұрын Белградқа жасаған сапары барысында инвестиция және сауда сияқты салаларда екі жақты ынтымақтастықты жетілдіруге шешім қабылдаған болатын.

Екі ел арасындағы сауда көлемі қазірше 800 миллион төңірегінде.



Ұқсас жаңалықтар