Түрік Сауда орталығы ашылады

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Түркия Сауда орталығы ашылады.

810679
Түрік Сауда орталығы ашылады

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Түркия Сауда орталығы ашылады.

Түрік экспортшыларының шетел нарықтарында ықпалды орын алуы үшін Экономика министрлігінің қолдауымен ертең Нью-Йоркте Түрік Сауда орталығы ашылады.  Осы орталық Түркия экспортшыларының АҚШ нарығына енуінде маңызды көпір болады.

Сауда орталығында дүкендер,  кеңсе,  қойма сынды қажетті бөлімдер орналасып,  компанияларға құқықтық,  қаржы тақырыптарында кеңес қызметін беретін мамандар болады.

Сонымен бірге орталықта түрік өнімдері де таныстырылады.

Нью-Йоркте ашылатын Түрік Сауда орталығы Empire State ғимаратына жақын жерге орналасқан.

Бүгінге дейін Түрік Сауда орталығы Дубайде, Чикаго және Тегеранда ашылды.

Ертеңгі ашылу салтанатына ТР Экономика министрі Нихат Зейбекчи қатысады.



Ұқсас жаңалықтар