Ирак орталық үкіметі мұнай тасымалдауын тоқтатты

Үкімет бақылауындағы Киркүк құдықтарынан шығарылған шикі мұнайдың Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігіне тасымалдануы тоқтатылды.

784987
Ирак орталық үкіметі мұнай тасымалдауын тоқтатты

Ирак орталық үкіметінің бақылауындағы Киркүк құдықтарынан шығарылған шикі мұнайдың Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігіне тасымалдануын тоқтатты.

Ирак мұнай министрінің орынбасары Керим Хаттаб Джафери жасаған жазбаша мәлімдемеде «Солтүстік мұнай фирмасынан Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігіне барған шикі мұнай тасымалдауы дереу тоқтатып, қосымша өндірісті жою керек» деді.

Джафери шешімнің техникалық бір кемшілік пе, әлде саяси бір себептен бе қабылданып қабылданбағаны жайлы мағлұмат бермеді.

Ирак орталық үкіметі 2016 жылы наурыз айында кезкелген бір себеп ортаға қоймай, 5 ай бойынша Киркуктегі мұнай тасымалдауын тоқтатқан болатын.

Мұнайға бай Киркук қаласында жалпы 5 құдық бар. Бұл құдықтардан Баба Гургур, Джамбур және Хаббаза құдықтары орталық үкімет атынан Солтүстік мұнай фирмасы тарапынан бақылауға алынса, қалған екеуі қазірше Ирак Аймақтық Күрд Әкімшілігінің бақылауында.



Ұқсас жаңалықтар