Франция 17 атом реакторын жабуы мүмкін

Қоршаған орта министрі Францияның 58 Атом энергия станциясының 17 данасын жабуға міндетті екенін жариялады.

768545
Франция 17 атом реакторын жабуы мүмкін

Қоршаған орта министрі Николас Хулот елдегі 58 атом электр станциясы (АЭС) реакторын мемлекеттік бақылауда ұстаған операторы «Electricite de France»-тың (EDF), үкіметтің 2025 жылына дейін электр энергиясы өндірісіндегі атомдық үлесін жартылай азайту жоспарын орындау үшін АЭС-тердің 17 данасын жабуға міндетті екенін жариялады.

Хулот реактор жабу шешімдерінің алдынғы үкіметтердің қолдағанын атом электр өндірісінде ядролық энергияның қазіргі үлесін 75 пайыздан 50 пайызға шегеру нысанасында қабылданғанын білдірді.

Хулот «Бұл нысанаға қол жеткізу үшін белгілі мөлшерде реактордың жабылу керектігі анық. Жабылатын реактор саны17 болуы мүмкін, тақырыпты бағалаудамыз» деді.

Атом энергиясы елдің өткен жылғы электр өндірісінің 72%-ын құрағандықтан 2025 жылға дейін 17 реакторды жабу Франция және оператор фирма «EDF» үшін үлкен мәселе болады.

EDF фирмасы қаңтар айында «Fessenheim» АЭС-нің екі реакторының жабылуы үшін үкіметтен 490 миллион евро (559 миллион доллар) алу үшін келісім жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар