Стамбулға тегін қонып кету мүмкіндігі

Түрік Әуе жолдары транзит жолаушыларға Стамбулда тегін қону мүмкіндігін береді.

750975
Стамбулға тегін қонып кету мүмкіндігі

Түрік Әуе жолдары Ресейден келген транзит жолаушыларға Стамбулда тегін қону мүмкіндігін береді.

Осылайша Стамбулға келетін орыс турист саны артады.

Сәуір айында Түркияға келген орыс турист саны 181 мың 865-ке жетіп,  екі ел арасында 2015 жылы қараша айында басталған дағдарыстан бұрынғы деңгейден асты.

Бұл көрсеткіш өткен жылы 31 мың 50 болған еді.

Орыс турист саны 485,72 пайыз артты.

Түрік авиакомпаниясының хабарламасына қарағанда Ресейден басқа Қазақстан, Австралия және Белоруссиядан келген жолаушылар АҚШ, Оңтүстік Америка елдері, Ұлыбритания,  Ирландия,  Таяу Шығыс,  Солтүстік Африка және Азияға баратын рейстерінде тегін қону мүмкіндігінен пайдалануына болады.

Екі рейс арасында 20 сағаттан көп болатын Түрік авиакомпаниясы жолаушылары билет алғаннан кейін қонақүйде екі түн қонуына болады.



Ұқсас жаңалықтар