Премьер-министр ҚЭЫҰ саммитінде баяндама жасады

Премьер-министр Бинали Йылдырым ҚЭЫҰ-ның жұмыстарына баға берді.

736798
Премьер-министр ҚЭЫҰ саммитінде баяндама жасады

Премьер-министр Бинали Йылдырым Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастығы ұйымы (ҚЭЫҰ) елдері арасында кейде саяси мәселелер болғанын атап, «Бұлар өтіп кетеді. Бұлармен мазасызданып отырмауымыз керек. Ешбір уақытта жақын ынтымақтастықтан айырылмау керек. Экономикалық ынтымақтастық деген сөз одан көп сауда, одан көп инвестиция, одан көп жұмыс күші және одан жақсы көршілік қарым-қатынастарын қажетті қылады» деді.

Йылдырым Стамбұлда Қаратеңіз Экономикалық Ынтымақтастықтың 25 жылдығына орай болып өткен саммиттегі баяндамасындаТүркияның тек қана одақтың пікір басшыларының бірі емес, сондай-ақ Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастығы ұйымы географиясының орталығында орын алғанын тілге тиек етті.

Түркияның 5 мүше мемлекетпен көршілік қарым-қатынастары бар екенін атап, ортақ шекараларды бөліскенін білдірген Йылдырым «Аймақ мемлекеттері бір-біріне шамамен 2 сағаттық ұшу қашықтығында. Кейбіреулері одан да жақын. Бұл маңызды тұғырды, бұл жақындығымызды барлық халықтарымыздың мүддесі үшін экономикалық саладағы ынтымақтастығымызды, сауда қарым-қатынасымызды, ең маңыздысы азаматтарымыз арасындағы байланысты күшейтіп жетілдіретін болсақ, одақтың келешегі үшін маңызды қадам басқан болар едік» деді.

Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастығы ұйымының 25 жыл бұрын мүше мемлекеттермен бірге құрылғанын тілге тиек еткен Йылдырым «Ұйымның өсіп дамуын, бүгінгі деңгейге өсуін қуанышпен қарсы аламыз. Мақсат бұдан кейін де ұйымның одан да ілгерілеуін қамтамасыз ету, қорытылатын жоба нысанасын жүзеге асыратын бір ұйымға айналуға тиісті. Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастығы ұйымы Еуразия төңірегінде маңызды бір одақ болып табылады. Одақтың мүшелері бүкіләлемдік сауда да маңызды үлеске ие» деді.

Құрылған күннен бері ұйымның әртүрлі қиыншылықтарға қарамастан маңызды табыстарға қол таңба қалдырғанын атап көрсеткен Йылдырым 1992 жылы Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің жалпы табысының 658 миллиард доллардан қазір 2,7 триллион долларға ұласқанын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар