АҚШ инфрақұрылымға көңіл бөлуде

Трамп әкімшілігінің 1 триллион долларлық инфрақұрылым жоспары жөнінде жұмыс істегенін айтты.

706008
АҚШ инфрақұрылымға көңіл бөлуде

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп АҚШ әкімшілігінің 1 триллион долларлық инфрақұрылым жоспары жөнінде жұмыс істегенін айтты.

АҚШ президенті Трамп  General Electric, Citigroup, HSBC, Deloitte, Blackstone Group және  Mastercard қатарлы 50 үлкен Америка фирмаларының бас директорларымен Ақүйде бас қосты.

Жиналыста инфрақұрылым инвестицияларының тездетілуі жөнінде үндеу тастаған Трамп 90 күн ішінде басталатын инфрақұрылым жобаларына мемлекеттік қолдау берілетінін білдірді.

Трамп сайлау уәделерінде орын алған инфрақұрылым инвестицияларының жасалуының үлкен бір орай екенін меңзеп, «Мөлшермен 1 триллион долларлық, бәлки де тіпті үлкен және кең көлемді бір инфрақұрылымнан сөз қозғаудамыз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар