Үлкен 20 тобы елдері саммиті Германияда басталды

Жиналысқа Түркияның атынан вице-премьер Мехмет Шимшек қатысады.

693634
Үлкен 20 тобы елдері саммиті Германияда басталды

Үлкен 20 тобы елдері Қаржы министрлері мен Орталық Банк басшылары саммиті кезекті төрағалық міндетін атқарған Германияның Баден-Баден қаласында басталды.

Жиналысқа Түркияның атынан вице-премьер Мехмет Шимшек қатысады.

Үлкен 20 тобы елдері жиналысы үшін қасындағы делегациямен Германияға барған Шимшек әртүрлі отырыстарда баяндама ұсынады.

Шимшек сондай-ақ көптеген инвестор тобымен басқосады.

«Артып отырған қорғаушылыққа қарсы нақты ұстаным көрсету» жолдамасы беретін Үлкен 20 тобы елдері жиналысында болса қаржы саласында экономикалық жеңілдіктерді күшейту, сандық ортаны түрлендіру үшін Африкаға инвестиция тарту сияқты тақырыптар қолға алынады.

Германия Қаржы министрі Вольфганг Шойбле және Неміс Федеральды банкі «Bundesbank» төрағасы Йенс Вайдман ертең ұйымдастырылатын баспасөз жиналысында келіссөздердің қорытындысы бағаланады.

Қаржы министрлері және Орталық Банк басшылары арасындағы келіссөздер 7-8 шілде күні Гамбургта өтетін мемлекет басшылары немесе үкімет басшылары қатысатын «Үлкен 20 тобы елдері» басшылар саммитінің қаржы тақырыптарына дайындық болмақ.

Үлкен 20 тобы елдері және Орталық Банк төрағасы тобы әлемнің ең үлкен экономикалары арасында орын алған 19 ел мен Еуроодақ комиссиясынан құралады.



Ұқсас жаңалықтар