Түркия энергияда маңызды өткел ел

Түркияның энергиядағы орны барған сайын артуда.

667534
Түркия энергияда маңызды өткел ел

Түркияның энергиядағы орны барған сайын артуда.

Америка Энергия ақпараты басқармасының рапортына қарағанда Орталық Азия, Ресей және Орташығыс энергия қайнарларының Еуропа және басқа елдерге жеткізілуінде Түркияның маңызды бір өткел ел екені баяндалды.

Рапортта соңғы 10 жылда түрік экономикасының дамуымен қатар мұнай мен басқа сұйық жанармай тұтынуының артқаны да білдірілді.

Америка Энергия ақпараты басқармасының рапорты бойынша Стамбул және Дарданел Бұғаздарының әлемнің ең тыйымды бұғаздары арасында болғанына және маңызының артқанына назар аударуда.

Бұғаздардан  2015 жылы күніне 2 миллион шикі мұнай және 500 мың баррель мұнай өнімдерінің өткені жөніндегі мағлұматтар рапортта орын алуда.

Рапортта теңіз жолымен қатар Баку-Тбилиси-Жейхан және Ирактың солтүстігінен де құбыр желісі арқылы мұнай тасымалданғаны еске салынды.

Рапортқа қарағанда табиғи газдарда да стратегиялық рөлге ие Түркия әлемнің ең үлкен екінші табиғи газ тұтынушысы болған құрлық Еуропа мен Каспий теңізі және Орташығыс арасында көпір болуда.

 



Ұқсас жаңалықтар