Түркия өткен жылы 205,8 тонна құйма алтын экспорттады

Түркия Статистикалық мекемесі құйма алтын экспорты көрсеткіштерін жариялады.

663896
Түркия өткен жылы 205,8 тонна құйма алтын экспорттады

Түркия Статистикалық мекемесі мағлұматтарына қарағанда өткен жылы ең көп құйма алтын 76,2 тоннамен Ұлыбританияға экспортталды. Осы сауда арқылы 3,1 миллиард доллар табыс түсті.

Экспортта бұл елден кейін 48,7 тоннамен Швейцария, 40,9 тоннамен де Біріккен Араб Әмірліктері келеді.

Швейцарияға 1,9 миллиард доллар Біріккен Араб Әмірлігіне болса 1,6 миллиард долларлық құйма алтын экспортталды. Түркиядан Иранға құйма алтын экспорты болса 31,9 тоннаны құрап, экспорт бағамы 1,3 миллиард долларға жетті.

Осылайша соңғы 5 жылда құйма алтын экспорты 800,3 тонна болды.

Аталмыш кезеңде экспорттан жалпы 35 миллиард 520 миллион 711 мың долларлық табысқа қол жеткізілді.

2015 жылдан бастап Түркияның алтын өндірісі болса 27 тонна деңгейінде болатын.



Ұқсас жаңалықтар