Түркия үшін Еуроодақ АҚШ-тан маңызды

Мехмет Шимшек «Еуропа Одағы Америка Құрама Штаттарынан тіпті маңызды» деді.

655449
Түркия үшін Еуроодақ АҚШ-тан маңызды

Премьер-министр орынбасары Мехмет Шимшек Түркия үшін Еуропа Одағының Америка Құрама Штаттарынан 10 есе маңызды сауда одақтасы болғанына назар аударды.

Мехмет Шимшек Швейцарияның Давос қалашығында ұйымдастырылған 47-ші Әлем экономикалық форумында «Үлкен 20 тобы күн тәртібі және жаңа үлкею жолының жоспарлануы» атты сессияда сөз сөйледі.

Шимшек Түркияның сыртқы саудасына байланысты  «Түркия үшін Еуропа Одағы АҚШ-тан 10 есе маңызды сауда одақтасы болап табылады. Түркия экспортының 50 пайызын Еуропа Одағымен, 5 пайызын Америка Құрама Штаттарымен жасауда. Осылай болғанда біз үшін Еуропа Одағы АҚШ-тан тіпті маңызды» деді.

Мехмет Шимшек баяндама жасаған сессиясында  Германия қаржы министрі, Аргентина қазына министрі және Оңтүстік Африка қаржы министрі де орын алды. 



Ұқсас жаңалықтар