Президенттің бас кеңесшісі экономиканы бағалады

Бүлент Гедикли кейбір орталардың Орталық Банкті проценттерді арттыруға итермелегенін атап айтты.

652327
Президенттің бас кеңесшісі экономиканы бағалады

Президенттің Бас кеңесшісі Бүлент Гедикли кейбір орталардың Орталық Банкті проценттерді арттыруға итермелегенін атап айтты.

ТРТ-ге экономикалық күн тәртіпті бағалаған Гедикли Орталық Банктің қажетті шараларды қабылдағанын және бұдан кейінде қабылдайтынын білдірді.

Шетел валютасын айырбастау арқылы тұрақсыздық бар сияқты көрсеткісі келгенін атап айтқан Гедикли шетел валютасындағы толқыныстың себептерін түсіндірді.

Кейбір орталардың шетел валютасын қозғау арқылы инфляцияның артуын үміт еткенін атап көрсеткен Геддикли бұл орталардың Орталық Банкті де радикалды түрде проценттерді арттыруға итермелегенін атап, «Осыған қарсы Орталық Банк өзіне лайықты ережелермен шаралар қабылдауда. Бұл шараларды ары қарай жалғастырады» деді.

Шетел валютасын қымбаттату операциясына әрекет жасағандардың тұрақсыздық туғызып, инвестицияларды тоқтатуды күткенін атап көрсеткен Бүлент Гедикли Түркияның экспорт пен инвестицияға бағынышты бір жоспармен қозғалғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар