Түркия туризмде әлемде 6, Еуропада төртінші орында

Мәдениет және туризм министрі Өкілетті елшілер конференциясында сөз сөйледі.

649547
Түркия туризмде әлемде 6, Еуропада төртінші орында

Мәдениет және туризм министрі Наби Авжы Анкарада өтіп жатқан Өкілетті елшілер конференциясында елшілерге Түркияның таныстырылуына қосқан үлестеріне орай алғыс айтты.

Министр Түркияның туризмде Ресей, Ұлыбритания және Германия нарығымен өзіне шектеу қоймауы, түрлі нарықтар мен өнімдерге бағытталуы керектігін атап көрсетті.

Авжы нарықтар қатарына Ұлыбритания,  Ресеймен қоса Жапония, Үндістан, Солтүстік Еуропа, Латын Америка және араб елдерін де қосуға тырысқандарын айтты.

«Туризмде әлемде 6, Еуропада төртінші орындамыз.  Алдынғы үштікке енбеу үшін ешбір себеп жоқ.  Инфрақұрылымымыз осыған жетеді» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар