Ирак шикі мұнай өндірісін азайтты

Ирак Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (OPEC) қабылдаған мұнай өндірісін азайту жөніндегі шешімін Жаңа жылдан бастап іске қосты.

644975
Ирак шикі мұнай өндірісін азайтты

Мұнай министрі Джеббар эл-Лаыби министрліктің ресми интернет парақшасынан жасаған мәлімдемеде «OPEC»-тің Венадағы соңғы жиналыста қабылдаған «күнделікті өндірісті азайту» жайлы шешімге байланысты екенін атап, «Жаңа жылмен бірге елдегі шикі мұнай өндірісін азайту жұмыстарын бастады» деді.

Ирак террор ұйымы ДАИШ-пен күрес және елдегі қақтығыстарда зиян келген инфрақұрылымды реттеу үшін өткен жылы «мұнай өндірісін азайту шешімінен тыс қалдырылу» сұранысын жиі тілге тиек еткен болатын.

OPEC және 11 тәуелсіз мұнай өндіруші ел жаһандық мұнай нарығын тұрақтандыру үшін өткен айдың ішінде күнделікті мұнай өндірісін шамамен 1,2 миллион баррельге дейін азайтуға шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар