Түркия табысы жоғары елдері қатарында

Осы тізімге Қазақстан да енді.

637721
Түркия табысы жоғары елдері қатарында

Түркия табысы жоғары елдер қатарында.

Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымы OECD Түркия және кейбір орта табысты елдердің табысы жоғары ел қатарына көтерілгенін мәлімдеді.

OECD Жаһандық даму жөніндегі перспективалар 2017 есебінде елдердің табыс тізімінде өзгеріс болғанын білдірді.

Есепте өзгерістің дамыған елдердегі өсім төмендігі мен даму жолындағы елдердегі өсім жылдамдығының арасындағы айырмашылықтан туындағаны атап көрсетілді.

Аталмыш есепте Түркия «Жоғары және тұрақты өскен» елдер аталымында көрсетілді.

2015 жылдың орта табысты елдері Қытай, Колумбия,  Коста-Рика,  Индонезия,  Қазақстан, Мексика және Оңтүстік Африка да Түркиямен бірге табысы жоғары елдер арасында орын алды.

Жаһандық Даму жөніндегі перспективалар 2017 есебінде Түркияның сириялық босқандарға жұмсаған төлемдері де назар аударды.

 



Ұқсас жаңалықтар