Венесуэла Түркиядан өңделген азық-түлік өнімдерін күтеді

Венесуэла Сыртқы сауда министрі Измирде бірқатар кездесу өткізді.

626030
Венесуэла Түркиядан өңделген азық-түлік өнімдерін күтеді

Венесуэла Түркиядан өңделген азық-түлік өнімдерін күтеді.

Экономика министрлігінің шақыруымен Түркияға келген Венесуэланың Сыртқы сауда және халықаралық инвестиция министрі Йесус Фария Тортоса Түркиядан өңделген тамақ өнімдерін алғысы келетіндерін айтып, түрік іскерлерге шақыру тастады.

Эгей Экспортшылар одағының хабарына қарағанда бірқатар кездесу өткізу мақсатымен Измирге келген Тортоса түрік экспортшылармен бас қосты.

Эгей Экспортшылар одағының басшысы Сабри Үнлүтүрік Венесуэланы 32 миллион тұрғын саны, дағдарыстан бұрын 500 миллиард долларға жақындаған экономикасымен ірі нарық ретінде қабылдайтындарын, қажетті секторларда ынтымақтасуға дайын екендерін айтты.

Экономикалық дағдарыстардың елдерге жаңа мүмкіндіктер бергеніне назар аударған Венесуэла министрі де «Қазірге дейін дағдарысты мүмкіндікке айналдырғысы келетін шетелдік капиталдар елімізге инвестиция жасауда.  Түрік инвесторларын күтеміз.  Түркияның бізбен бірге болуын қалаймыз. Түркиядан өңделген азық-түлік өнімдерін алғымыз келеді. Эгейдегі экспортшыларды сауда байланыстарын құру үшін елімізге шақырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар