Ердоған Кайсериде іскерлерге үн қатты

Президент Кайсери өнеркәсіп палатасының бағдарламасына қатысты.

623531
Ердоған Кайсериде іскерлерге үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған 15 шілде күні табыссыз болған төңкеріс әрекетінің енді де проценттер, биржа және шетел валютасын қозғау арқылы жалғасқанын атап, бұл ойынды бұзу үшін түрік лирасына бағытталуға шақырды.

Кайсери өнеркәсіп палатасы жүлде рәсімінде сөйлеген президент Ердоған Фетуллахшы террор ұйымының табыссыз болған төңкеріс әрекетінің артынан Түркияның әсіресе экономикасында сахнаға қойылып жатқан ойынды байқап отырғандарын атап көрсетті.

Түркиядағы тұрақтылықты қаламағандардың 40 жыл дайындалып жүзеге асыра алмаған төңкерісін енді экономика арқылы жасауға тырысқандарын атап айтқан Ердоған «Әскер киімін киіп алған қуыршақтар мақсаттарына жете алмаған соң қолында ақша күші бар басқа қуыршақтар сахнаға шықты. Алайда бұл жолы да табысты бола алмайды» деді.

Ердоған бұдан бұрын айтқан түрік лирасына бағытталу шақыруын қайталап, үкіметтің де тендерлерін түрік лирасымен жариялауға шешім қабылдағанын білдірді.

Президент «Баршаға мәлім аталмыш топ, бұл ФЕТӨ-шілер тарихты ұққанда, ең кедей кезінде Дарданельде дұшпанды теңізге көміп, сол кездегі ең замандас әскери күшті Анадолы жерінде жеңген бұл ұлтқа тізе бүктіре алмайтындарын түсінер еді. Егер де бұл ұтты танитын болса 2 мың 200 жылдық салты бар түріктердің әртүрлі операцияға, әртүрлі шабуылға, әртүрлі сатқындыққа әрқашан дайын екенін байқар еді.  Білмегендіктен, түсінбегендіктен, танымағандықтан соңғы 3-4 жылдан бері қайта қайта табыссыз болудан құтыла алмайды» деді.

«Бұл құрылымды ұлтымызға бәле қылған негізгі себеп ұлттық және рухани құндылықтарға бағытталған қысымдар. Шеттету саясаттары болып табылады» деген Ердоған «Біз бұл келісімді өзгерту, ұлтымен мемлекетін жақындастыру үшін қадамдар бастық. Енді террор ұйымдарына қарсы аяусыз, азаматтарына қарсы мейірімді бір мемлекет бар. Қазір заңнан, әділеттен шықпайтын адамды негізге алатын бір көзқарас бар. Құдай қаласа бұл түсінік әр салада терең тамыр жайған сайын, мемлекеттің әртүрлі мекемесіне орнаған сайын жеке тұлғалармен байланысты кейбір кемшіліктер де жойылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар