Президент банк саласының өкілдеріне шақыру тастады

Президент Режеп Тайып Ердоған жоғары процентке сүйенген банк жүйесін тағы бір рет сынға алды.

616674
Президент банк саласының өкілдеріне шақыру тастады

Президент Биржа Стамбұл және Ислам өркендеу банкі стратегиялық ынтымақтастық хаттамасы рәсіміне қатысты.

Ердоған проценттермен байланысты банктерге үн қатып, «Өтінемін проценттеріңізді мақұлдайтын деңгейге төмендетіңдер» деп шақыру тастады.

Президент экономикалық өркендеудің өндіріс және инвестициямен мүмкін екенін атап, «проценттер негізінде жұмыс істеп бастаған банк жүйесі маңызды бір мәселеге душар болған деген сөз. Ақшадан ақша табу емес, еңбекпен, маңдайдың терімен, біліммен, саудамен ақша табуды негізге алатын бір қаржы жүйесіне бағытталуға мәжбүрміз» деді.

Орталық банктің тәуелсіздігіне қарсы емес екенін атап көрсеткен Ердоған халық резервтерінің жоғары процентпен жойылуына рұқсат етпейтіндерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар