Finansbank енді Катардікі

Маусым айында сатылған банктың аты да, логотибі де ауысты.

594467
Finansbank енді Катардікі

Finansbank ресми түрде Катардың алпауыты Qatar National Bank-тың (QNB) қолына өтті.

Маусым айында сатылған банктың аты да, логотибі де ауысты.

Банк бұдан былай QNB Finansbank деп аталады.

1987 жылы Хүснү Өзйегин басшылығында құрылған аталмыш банк 2006 жылы Грекияның ұлттық банкіне сатылған еді.

Банктың 700 шақты филиалы мен 13 мыңға тарта қызметкері бар.

Катардың алпауыты QNB Group үш құрлықта 30 елде қызмет атқарады.


Этикеттер: #банк , #Finansbank , #Катар

Ұқсас жаңалықтар