Йылдырым «Соңғы ширекте жақсару болады» деді

27 қазан күні әлемнің ең ірі инвесторларына Түркияның мүмкіндіктері түсіндіріледі.

590937
Йылдырым «Соңғы ширекте жақсару болады» деді

27 қазан күні әлемнің ең ірі инвесторларына Түркияның мүмкіндіктері түсіндіріледі.

Премьер-министр Бинали Йылдырым, премьер-министр орынбасары Нуреттин Жаникли және Қаржы министрі Нажи Ағбалдың да қатысатын бір жиналыс өткізіледі. Мемлекет лауазымдар Стамбул Долмабахче офисінде газеттердің бас редакторларымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап береді.

Стамбул халықаралық қаржы орталығында банкі қызметін реттеу және қадағалау мекемесі мен капитал нарық мекемесі ғимараттарының іргетасының қаланғанын айтқан Бинали Йылдырым «Халықаралық қаржы секторы, инвесторлар осы үлгілерді көргеннен   кейін сенімі тіпті артады. Біз осыған дайындалып жатырмыз. Сондықтан қаржы орталығы жобасын тездетудеміз.  Бұл жерде 50 мың қызметкер жұмыс істейді. Күнделікті келіп кеткендермен бірге 80 мың адам осы жерде болады. Яғни кіші кірім бір қала болып табылады» деді.

Әсіресе Шығанақ елдерінің Түркияға ұзақ мерзімді инвестиция салғысы келгендерін түсіндірген Йылдырым «Шығанақ елдері екі түрлі келуде. Біреуі Түркияда ұзақ мерзімді инвестиция жасағысы келгендер. Енді біреуі болса,  банкі қызмет секторына ортақ болғысы келетіндер» деген сөздер қолданды.

Премьер-министр Йылдырым «Соңғы ширекте жақсару болады. Яғни қазіргі көрсеткіштер осылай» деді.

        



Ұқсас жаңалықтар