Мұнай экспорттаушылар Стамбулда бас қосады

OPEC Стамбулда мұнай өндірісінің азайтылуы тақырыбын қолға алады.

586984
Мұнай экспорттаушылар Стамбулда бас қосады

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (OPEC) сәрсенбі күні Стамбулда мұнай өндірісінің азайтылуы тақырыбын қолға алады.

OPEC бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо Стамбулда 23-ші Бүкіләлемдік Энергия конгресіндегі баяндамасынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Мұнай экспорттаушы елдердің өткен ай Алжирдегі бейресми жиналысында қабылданған мұнай өндірісін шектеу шешімінің бетбұрыс екенін білдірген Баркиндо осы шешімнің міндетті түрде орындалуы керектігін тілге тиек етті.

Баркиндоның айтуынша Стамбулдағы жиналыста әрі OPEC- ке мүше елдер, әрі басқа елдерден ортақ түсіністік күтіледі.


Этикеттер: #OPEC , #мұнай , #Стамбул

Ұқсас жаңалықтар