Түрік және орыс министрлері кездеседі

Экономика министрлері Энергия құрылтайы аясында 8-9 қазан күндерінде Стамбулда бас қосады.

578742
Түрік және орыс министрлері кездеседі

Экономика министрі Нихат Зейбекчи мен Ресей Экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев 23-ші Бүкіләлемдік Энергия құрылтайы аясында 8-9 қазан күндерінде Стамбулда бас қосады.

Ресей Экономикалық даму министрінің орынбасары Алексей Лихачев Мәскеуде баспасөз брифингінде Зейбекчи мен Улюкаевтың кездесуінде Түркия мен Ресей арасындағы сауда және экономикалық қатынастардың қолға алынатынын айтты.

Лихачев «Қызмет және инвестиция салаларындағы келісімдерге байланысты келіссөзді жалғастырудамыз.  Алдымыздағы аптаның аяғына дейін Түркиядағы мамандарымыз осы тақырыпта жетістікке жетеді деп ойлаймыз» деді.

9-13 қазан күндерінде Стамбулда өтетін 23-ші Бүкіләлемдік Энергия құрылтайы аясында Ресей мен Түркия арасындағы үкіметтер арасы комитеттің де бас қосуы күтіліп отыр.

Ресей Энергия министрі Александр Новак та Түрік ағыны жобасының жол картасы жөнінде қазан айында бір келісім болып қалуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар