Стамбул Қаржы саммиті басталады

Саммитке әлем экономкасына бағыт берген көптеген басшы,  жеке меншік сектор өкілдері мен ғалымдар қатысады.

565557
Стамбул Қаржы саммиті басталады

Стамбул Қаржы саммиті (Istanbul Finance Summit - IFS) ертең басталады.

Саммиттің биыл жетіншісі өтеді. Саммитке әлем экономкасына бағыт берген көптеген басшы,  жеке меншік сектор өкілдері мен ғалымдар қатысады.

Еуропа және Таяу Шығыстағы көптеген мекеме мен ұйымның өкілдеріне маңызды ынтымақтастық мүмкіндіктерін беретін саммиттің негізгі тақырыбы – Геосаяси рисктер мен қаржы.

Саммиттің бірінші күнгі отырыста экономикаға жауапты вице-премьер Мехмет Шимшек,  түстен кейінгі отырыста болса Экономика министрі Нихат Зейбекчи баяндама жасайды.

Саммиттің соңғы күнінде болса Даму министрі Лүтфи Елван мен Қаржы министрі Наджи Ағбал баяндама оқиды.



Ұқсас жаңалықтар