Ресейде үкімет айлықтарды қысқартуды жоспарлайды

Ресейде үкімет айлықтарды қысқартып, инвестицияларды арттыруды жоспарлайды.

491873
Ресейде үкімет айлықтарды қысқартуды жоспарлайды

Ресейде үкімет айлықтарды қысқартып, мекемелік және жекеменшік салада инвестицияларды арттыруды жоспарлайды.

Ресей экономикалық өркендеу банкінің үкіметке жасаған ұсынысына қарағанда, 3 жыл мерзіммен айлықтарда қысқарту жасалып, 2019 жылдың соңында 4,5 пайыздық Жалпы ішкі өнімді арттыруды мақсат етеді.

Халықтың нақты айлықтарының биыл 2,8 пайыз, келесі жылы 0,3 пайыз азаюы, зейнет ақыларының болса биыл 4,8 пайыз,  2017 жылы 2 пайыз қысқартылуы жоспарланады.

Ұсыныс іске асырылған жағдайда елдегі кедейлік мөлшерінің биыл 13,7 пайызға өсетіні, 2018 жылы да 13,9 пайызбен ең жоғарғы сатыға ұласатыны болжалады.

Мамандар болса бұл жоспардың дағдарыс жалғасқан ел экономикасына пайдадан көп зиян келтіретінін алға тартады.

Мәскеудегі Экономика жоғары мектебінің доценті Антон Табак халықтың табыстарын қысқартудың дұрыс және сенімді бір стратегия емес екенін атап көрсетті.

Мәскеу Жаңа экономика университеті Қаржы кафедрасы аға оқытушысы Олег Шибанов болса инвестицияны арттыру үшін айлықтар қысқарған жағдайда, тұтынудың азаятынын әлеуметтік стресстің артатынын және саяси тұрғыдан бұл стратегияның онша тыныш бір орта туғызбайтынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар