Стамбул Дубай көрмесінде

Стамбул сауда палатасы «There is only one İstanbul» деген ұранмен таныстыру акциясын бастады.

477735
Стамбул Дубай көрмесінде

Стамбул сауда палатасы «There is only one İstanbul» деген ұранмен таныстыру акциясын бастады.

Әлем туризм секторының маңызды көрмелерінің бірі деп есептелетін «Arabian Travel Market» Біріккен Араб Әмірліктерінің экономикасының астанасы Дубайда бүгін басталды.

Стамбул сауда палатасы Дубайда алғаш рет биыл 85 шаршы метрлік Стамбул павильонын ашты.

Көрме залының кіре берісінде және ішіндегі жарнама алаңдарын жалдап алған Стамбул сауда палатасы қонақтарды  «There is only one İstanbul» деген ұранмен қарсы алуда.

Стамбул сауда палатасының деректеріне қарағанда Стамбулға биылғы жылдың алғашқы үш айында барлығы 2 миллион 149 мың турист келді. Стамбулға келген туристердің бестен бірі Таяу Шығыстан келді.

85 ел қатысып отырған көрме 4 күн бойы ашық болады.



Ұқсас жаңалықтар