EXPO 2016 Анталия ашылды

EXPO 2016 Анталия Анталияның Аксу ауданы территориясында құрылған алаңда 191 күн бойы қонақтарын күтеді.

476452
EXPO 2016 Анталия  ашылды

EXPO 2016 Анталия «Гүл және бала» тақырыбымен кеше көркем рәсіммен ашылды.

Рәсімге президент Режеп Тайып Ердоған, премьер-министр Ахмет Давутоғлу, Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісінің төрағасы Исмаил Каһраман, көптеген министр, шетелдік миссия өкілдері, азаматтық ұйым өкілдері, депутаттар мен 5 мыңнан астам қонақ қатысты.

Президент Ердоған рәсімде сөйлеген сөзінде осы жобаны бастапқыдан бері ұлттық жоба ретінде қабылдағандарын айтып: «EXPO 2016 тек Анталияның емес, бүкіл Түркияның ортақ жігерінің, мемлекеттік және жеке меншік сектордың ынтымақтастығының жемісі» деді.

Ердоған EXPO 2016 Анталия бойынша Түркияның ботаникалық байлығының жаһандық деңгейде таныстырылатынын, өткізілетін ғылыми жиналыстар және конференциялар арқылы елдердің осы аяда ортақ платформада бас қосатынын айтты.

Президент:

«EXPO 2016 Анталияны түбегейлі қылатын іргетас қалады. Енді бұл жер туризм және мәдениетте ең маңызды орталықтардың бірі болады» деді.

Премьер-министр Давутоғлу да көрменің жаһандық қоршаған орта проблемаларына шешім келтірудегі маңызына тоқталды. Баяндамалардан кейін президент Ердоған алаңдағы Түрік бақшасын ашты.

Олимпиадалар және Әлемдік кубоктан кейін ең ірі организация ретінде қабылданған Әлемдік Ботаника экспосы 160 жылдық EXPO тарихында бірінші рет Түркияда ашылды.

EXPO 2016 Анталия Анталияның Аксу ауданы территориясында құрылған алаңда 191 күн бойы қонақтарын күтеді.



Ұқсас жаңалықтар