Стамбул мен Тегеран биржалары ынтымақтасады

Стамбул биржасы мен Тегеран биржасы арасында ынтымақтастық хаттамасына Иранның бас қаласы Тегеранда қол қойылды.

441592
Стамбул мен Тегеран биржалары ынтымақтасады

Стамбул биржасы мен Тегеран биржасы арасында ынтымақтастық хаттамасына Иранның бас қаласы Тегеранда қол қойылды.

Биржа Стамбулдың бас директоры Тунджай Динч осы келісім арқылы экономикалық дамуға үлес қосуды мақсат еткендерін айтты.

Биржалардың халықтың табысын арттыру, экономикалық дамуға үлес қосу және капиталды халыққа жеткізу сынды миссиялары бар екенін білдірген Динч: «Әрі Түркия, әрі Иран тұрғысынан маңызды кезең. Себебі алдағы уақытта Түркия мен Иран өсім тұрғысынан алдыңғы қатарлы елдер болады. Тегеран биржасымен қазан айында бас қосқан кезде, игі ниет келісіміне келген едік. Осы ынтымақтастықты жетілдіруді мақсат етудеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар