Түркияға өткен жылы 113 миллион адам кіріс-шығыс жасады

Түркияның әртүрлі шекара қақпаларынан елге кіріп-шыққан жолаушы саны 2015 жылы 113 миллион 481 мың 318 болып тіркелді.

440991
Түркияға өткен жылы 113 миллион адам кіріс-шығыс жасады

Кеден және сауда министрлігі мағлұматтарына қарағанда Түркияға кіріп-шыққан жолаушы саны 2015 жылы 113 миллион 481 мың 318 болып тіркелді.

Бұл келушілердің 86 миллион 525 мыңы әуе жолын пайдаланды.

Әуе жолы кеден қақпаларын таңдаған жолаушы саны 2015 жылы алдынғы жылмен салыстырғанда 4,7 пайыз артып, 86 миллион 524 мың 886 адамға ұласты.

Теңіз жолымен кіріс-шығыс жасаған жолаушылар болса бірдей кезеңде 5,7 пайыз артып, 4 миллион 459 мың 35-ке жетті.

Түркияға кіріс-шығыс жасағанда құрлық шекара қақпаларын пайдаланған жолаушы саны 2014 жылымен салыстырғанда 3,2 пайыз азайды.

Құрлық қақпаларын 2015 жылы 22 миллион 462 мың 485 жолаушы таңдады.

Өткен жылы темір жолы қақпасынан кіріс-шығыс жасаған жолаушы саны да алдынғы жылмен салыстырғанда 17,5 пайыз азайып, 34 мың 932 адам тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар