HAVELSAN Катарға арнайы тікұшақ симуляторы өндірді

Рисксіз жаттықтыру мүмкіншілігіне ие симулятор ұшқыштарды ұшу процесіне дайындайды.

426794
HAVELSAN Катарға арнайы тікұшақ симуляторы өндірді

HAVELSAN-да жұмыс істейтін 40 инженер, 2,5 жылдық мерзімде өздері жетілдірген бағдарламаны пайдаланып, бір симулятор өндірді.

Катар әуе күштері қолбасшылығы инвентарындағы AW139 типі тікұшақ қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жетілдірілген бұл жүйе ұшқыштарды дайындайды.

Рисксіз жаттықтыру мүмкіншілігіне ие бұл симулятор ұшқыштардың ұшу процесі алдында оқу-жаттығуында маңызды рол ойнайды.

Тек қана Түркияның емес, Еуропаның да ең үлкен симулятор орталығына ие HAVELSAN әуе, құрлық және теңіз күштері үшін оқу-жаттығу мақсатты симулятор өндіреді.

Ондаған елге экспортқа шыққан фирма Түрік қарулы күштерінің инвентарындағы жүйелерге де қызмет береді.



Ұқсас жаңалықтар