Тұрғын үй сатып алғандарға түрік азаматтығы беріледі

Экономика министрі Нихат Зейбекчи жылжымайтын мүлік алғандарға азаматтық берілетінін білдірді.

356377
Тұрғын үй сатып алғандарға түрік азаматтығы беріледі

Экономика министрі Нихат Зейбекчидің Түркиядан тұрғын үй алған шетелдіктерге тікелей азаматтық беру жөніндегі жұмыстардың басталғанын айтуымен шетелдіктердің назары Түркияға ауды.
«Үстінде ай жұлдызды байрағымыз бар құжатқа ие барша біздің азаматымыз. Бұл тақырыппен байланысты маңызды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Әлі шарттарды толығымен анықтаған жоқпыз, дегенмен жылжымайтын мүлік алғандарға азаматтық береміз» деген Зейбекчи азаматтық құқының тұрғын үй алғандарға қоса инвестиция салған шетел азаматтарына да беруді Министрлер Кеңесіне ұсынды.
Зейбекчи азаматтық құқына қоса, ұзақ мерзімді виза жеңілдігі сияқты мүмкіндіктерді де іске қосатындарын атап айтты.
Азаматтық құқы алғандар алдымен елге визасыз кіре алатын болады, түрік азаматтарымен бірдей құқыққа ие болады, қалаған жағдайда Түркияда талап еткендері жұмыс саласында істей алады.
Үй алған шетелдіктердің әскерлік борышынан босатылуы да жоспарланады.
Шетелдіктердің Түркияда жылжымайтын мүлік сатып алу жайлы қызығушылығы артады.
Өткен жылы шетелдіктерге сатылған шамамен 18 мың тұрғын үй саны биылдың алғашқы 8 айында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда, 23 пайыз артып, 14 мыңнан асты.
Түркияда шетелдіктерге сатылған тұрғын үй саудасында алғашқы үштікті Ирак, Сауд Арабиясы және Кувейт азаматтары құрады.
Шетелдіктер тұрғын үй сатып алғанда ең көп Стамбұл, Анталия және Бурса қалаларын таңдады.
Түркия Статистикалық мекемесі көрсеткіштеріне қарағанда өткен жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында шетелдіктерге сатылған 4 мың 284 тұрғын үймен Анталия 1-ші, 3 мың 444 тұрғын үймен Стамбұл екінші кезекте орын алды. Дегенмен теңдік биыл өзгерді. 2015 жылдың алғашқы сегіз айында Стамбұл 4 мың 472 тұрғын үй саудасымен бірдей мезгілде сатылған 4 мың 66 тұрғын үй сатылған Анталияны артта қалдырды.
Сондай-ақ өткен жылы тізімнің соңында орын алған Бурса қаласы биыл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе артып, 965 тұрғын үймен үшінші орынды иеледі. Анкара болса шетелдікке 8 айда 848 тұрғын үй сатты.
Тамыз айында жылдық тұрғыдан тұрғын үй ең көп сатылған жер 286 пайызбен Трабзон қаласы болды. Биыл осы қаланың артынан 280 пайызбен Сакария және 130 пайызлық артумен Ялова келеді.
Стамбұл, Анталия, Бурса, Ялова, Сакария, Трабзон, Айдын, Муғла, Мерсин және Анкарада сегіз айда шетелдікке барлығы 14 мың 424 тұрғын үй сатылды.
Түркия Статистикалық мекемесі мәліметтеріне қарағанда тек қана тамыз айында Ирак азаматтары Түркиядан 401 тұрғын үй сатып алды. Ирактың артынан кезегімен 271 тұрғын үймен Сауд Арабиясы, 226 тұрғын үймен Кувейт, 155 тұрғын үймен Ресей Федерациясы және 88 тұрғын үймен Ұлыбритания келеді.
Қаңтар-тамыз айы кезеңдерінде ең көп тұрғын үй саудасы тағы ирактықтарға жасалды.
2 мың 432 тұрғын үй сатып алған ирактықтардан кейін 1 мың 691 тұрғын үймен сауд арабиялықтар және 1мың 426 тұрғын үймен кувейттіктер келеді.
Орташығыстық және мәселелі мемлекеттер үшін Түркия екінші отан сияқты. Бұл себепті осы аймақтардағы шетелдіктер әсіресе де Стамбұлда өмір сүру мүмкіншіліктері артады. «Стамбұлда бір үйім болса екен!» деп ойланған шетелдіктер салмақты түрде 2 және 3 бөлмелі үйлерді таңдайды.
Басқа жағынан жаңа тұрғын үй бағалары қыркүйек айында алдынғы аймен салыстырғанда, 1.30 пайыз артты. Өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 8.35 пайыз артты.
Анталия шаршы метріне 2.97 пайыз құнын арттырып, 2015 жылы қыркүйек айында тұрғын үй бағаларының ең қымбаты болды. Афионкарахисар болса 0,08 пайыз арзандаумен шаршы метр басына тұрғын үй бағасы ең төмен қала болды.
Түрік тұрғын үй және жылжымайтын мүлік нарығы көтеріліп жатқанда, арабтар Түркияда жаңа инвестициялық аймақтар таба бастады.
Сауд Арабиясы, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты Шығанақ елдерінен көптеген іскер Бурсада әсіресе денсаулық сақтау туризмі мен құрылыс салаларына инвестиция салғысы келеді.
Соңғы 5 жылдан бері Түркиядағы инвестицияларын арттырған арабтар Кожаели Картепе ауданында тұрғын үй бағаларын арттырды. Араб инвесторлар соңғы екі жылда әсіресе Машукийе аймағында көптеген жылжымайтын мүлік сатып алды. Аймақтағы туристік жайларда және Машукийе базарында араб туристтерді жиі кездестіру мүмкін. Осы аймақтық қатты жақсы көрген арабтар жылжымайтын мүлікке ие болған сайын бағаларда арта түседі.
Машукийе аймағында вилла бағалары 200 мың мен 1.5 миллион доллар аралығында артып жатқанда, жердің гектар басына шаққандағы бағасы 200 мың-350 мың лира аралығында өзгереді.
Арабтар Картепе аймағының Саманлы етегін алдымен климаты себепті таңдайды. Сондай-ақ бай арабтар бұл аймақтың Құранда жұмақ түсіндірілген жерге ұқсағанына, бұл аймақтың әлемдегі жұмақ екеніне сенеді.
Әсіресе араб жағрапиясында атмосфера қатты жылынған маусымдарда жылдың 3-4 айын осы аймақта өткізу үшін жылжымайтын мүлік алған арабтар аймақтың Стамбүлға жақындығы, аймақта көптеген мешіт болуы да таңдау себебі ретінде білінеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар