Ұшақ жолаушы саны 21,5 миллионға ұласты

Жаңа жылдан бері ұшақпен тасымалданған жолаушы саны болса 122 миллионға ұласты.

376385
Ұшақ жолаушы саны 21,5 миллионға ұласты

Түркияда ұшақ жолаушы саны тамыз айында 21,5 миллион, жылдың алғашқы 8 айында болса 122 миллионға ұласты.
Мемлекеттік әуежайлар басқармасы тамыз айының көрсеткіштерін жариялады.
Түркиядағы әуежайлардан тамыз айында 21 миллион 577 мың 768 жолаушы өтті.
Жаңа жылдан бері жолаушы саны 122 миллион 62 мың 428-ге ұласты.
Тамыз айында әуежайлардан қызмет алған ұшақ саны 157 мың 765-ке жетті.
Ататүрік әуежайы мен Сабиха Гөкчен әуежайындағы жолаушы саны да орташа 19 пайыз артты.
Тамыз айында жүк тасымалдаушылығы болса 2 миллион 39 мың 130 тоннаға ұласты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар