Ірі экономикалардың өкілдері бас қосуда

Бірінші күні Еңбек министрлері жиналды.

373919
Ірі экономикалардың өкілдері бас қосуда

Дүние жүзінің ең ірі экономикасының өкілдері G20 кезекті төрағалығын атқарған Түркия басшылығында Анкарада бас қосты.


Жиналыстың алғашқы күнінде еңбек министрлері бас қосты.


Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрі Ахмет Ердем осында сөйлеген сөзінде жаһандық ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.


Ердем «Жаһандық ынтымақтастық өте жедел іс, өте маңызды. Премьер-министр Ахмет Давутоғлу да айтқандай шектеулі мүдделерімізді бір шетке тастап, проблемаларға ортақ жауапкершілік түсінігімізбен қарау керек» деді.


Сириядағы трагедияға да тоқталған министр халықаралық қоғамның үнсіздігін сынады.
Ердем былай деді: «Мұны айту қиын болса да, 2 миллион сириялықты қонақ қылған осы елдің жүгіне басқа елдердің көмектеспеуі тіпті Түркияны сынайтын көзқараста болуын түсінбейміз. Халықаралық ұйымшылдық керек осындай тақырыпта халықаралық қоғамның қозғалмай қалуы әрі қайғылы, әрі ойлантады»


G20 жиналыстары аясында Қазына министрлері мен Орталық банк басшылары да бас қосады.


Жаһандық экономика, өсім, халықаралық қаржы мәселелері, жұмысқа орналастыру және салық тақырыптары талқыланады.


Осы жиналыстан шыққан қорытынды 15-16 қараша күндері Анталияда өтетін басшылар саммитіне ұсынылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар