Еуротоп Грекияға 86 млрд. еуро беруге келісті

Еуротоп жаңа құтқару пакеті жөнінде Грекиямен келісті.

328381
Еуротоп Грекияға 86 млрд. еуро беруге келісті

«Біз оң нәтижеге қол жеткізіп, соңғы келіспеушіліктерді жойдық» деді Еуротоп төрағасы Йерун Дейсселблум.
Халықаралық кредиторлар алдағы үш жылда Грекияға 86 млрд. еуро беруге келісті. Еуроаймақ елдерінің қаржы министрлері жұма күні қарыз дағдарысы жағдайын басынан кешіп отырған Грекияға көмек көрсету жаңа бағдарламасының егжей-тегжейлерін алты сағаттан астам уақыт талқылады.
Жұма күні Грекия парламентінің депутаттары түні бойы және таңға дейін созылған талқылаудан кейін Еуроодақтың 86 млрд. еуроға бағаланып отырған көмегінің жаңа, үшінші топтамасының талаптарын мақұлдады.
Оған сәйкес 25 млрд. еуро грекиялық банктерді қайта капиталдандыруға жіберіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар