Грекия қарызын тағы төлемеді

Осы елдің ІМҒ-ке деген қарызы 2 миллиард евроға жетті.

380194
Грекия қарызын тағы төлемеді

Халықаралық Валюта қоры ІМҒ Грекияның мерзімі 13 шілде күні аяқталған қарыздарын да төлемегенін мәлімдеді.


ІМҒ баспасөз хатшысы Джерри Райс жазбаша мәлімдеме жариялап, Грекияның шамамен 456 миллион евролық қарызының төленбегенін білдірді.


Афины үкіметінің төленбеген қарызының жалпы сомасы осылайша 2 миллиард евроға жетті.


Осы арада ІМҒ Атқару комитеті Грекияның 30 маусымда төленуі керек болған қарыздарына қосымша мерзім берілуі талабын да алдағы уақытта қарайды.


Грекия 30 маусым күні 1,5 миллиард евро қарызын төлемей 7-ші мәрте үндемей қалды. Осылайша ІМҒ-ке қарызын уақытында төлей алмаған бірінші дамыған ел ретінде тарихқа жазылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар