Еуроаймақ басшылары Грекия тақырыбында екіге бөлінді

Германия Грекияның уақытша Еуроаймақтан шығарылуын талап етуде.

379542
Еуроаймақ басшылары Грекия тақырыбында екіге бөлінді

Германия реформа жасаудан бастартқан жағдайда Грекияның 5 жылдығына Еуроаймақ құрамынан шығарылуын талап етуде.
Франция болса уақытша да болса Грекияның Еуроаймақтан шығуына қарсы шығады.
Брюссельде жалғасқан саммит жиналысында Еуроаймақ қаржы министрлері Грекияның реформаларды үш күннің ішінде парламентінде қабылдауын талап етеді. Басшылар қаржы министрлерінің ұсынысын тартысады.
Бұл ұсыныстар арасында келісім жасалмаған жағдайда Грекияны Еуроаймақтан шығарылуы немесе қарыздарын жекешелендіру арқылы төлей алатын бір қор құру ықтималы да бар.
Осыған қарағанда Афины жаңа несие алу үшін бұл қорға 50 миллиард доллар құнында жекешелендіретін мекемелік мүлік пен қызмет ортаға қояды.
Қаржы министрлері Грекияның салықтарын арттыруды, зейнетақыларын қысқартуды, жекешелендіруді жылдамдатуды және жұмыс тіршілігінің қайта реттейтін реформалар жасауды қабылдағанын білдірді.
Ұсыныстарда Грекияға қажетті реформаларды парламенттен өткізу үшін сәрсенбі күніне дейін уақыт береді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар