Уфадағы саммит жалғасуда

БРИКС және Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр.

338304
Уфадағы саммит жалғасуда

БРИКС және Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті жалғасуда.


Ресей Федерациясына қарасты Башқұртстан Республикасының бас қаласы Уфада болып жатқан саммитке БРИКС-ке мүше Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка мен Шанхай Ынтымақтастық ұйымының мүшелері қатысуда.


Саммитте ел басшылары екі жақты және көп жақты кездесулер жүргізуде.


Ресей президенті Владимир Путиннің де жоспары көп.


Ресей басшылығында ұйымдастырылған жиналыста мүше елдер барлық капиталы 100 миллиард доллар болатын БРИКС елдері валюта резерві қорын құрыды ұйғарды. Қор мүше елдерде қолма-қол доллар болмаған жағдайда қаржылай тұрақтылықты қамдай үшін қолданылады.


Осылайша Халықаралық Валюта қорының мүше елдердегі ықпалы азаяды деп жоспарлануда.


Ортақ қорға Қытай 41 миллиард, Бразилия, Үндістан және Ресей 18 миллиардтан, Оңтүстік Африка Республикасы болса 5 миллиард доллар қосады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар