Грекияда банктер 13 шілде күні ашылады

Грекияда қысқа уақыттан бері жабық тұрған банктер негізінде бүгін ашылу керек еді.

339023
Грекияда банктер 13 шілде күні ашылады

Еуроаймақ басшыларымен қарыздарының төленуі тақырыбында келісімге келе алмаған Грекияда біраз уақыттан бері жабық тұрған банктердің бүгін ашылуы күтілетін.
Дегенмен Еуропа тұрақтылық механизмінен кезкелген жедел бір несие келмегені себепті банктердің 13 шілде күніне дейін жабық болуына шешім қабылданған болатын.
Грекия Банктер Одағы банкоматтар арқылы көптегенде күніне 60 евродан көп ақша бермеу ережесінің жалғасқанын білдірді.
Жасалған мәлімдемеде жұмыссыздар мен зейнеткерлердің банкоматтардан 120 евроға дейін ақша алатындары атап көрсетілді.
Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас болса құтқару пакеті үшін ұсынысын бүгін тапсыруға тиісті.
Тапсырылатын ұсыныс Еуроаймағы басшылар саммитінің сенбі күнгі жиналысында талқыланады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар