Бозкыр «Сұраныс болса Грекияға жәрдем беруші едік» деді

Бозкыр Грекия дағдарысына байланысты мәлімдеме жасады.

328723
Бозкыр «Сұраныс болса Грекияға жәрдем беруші едік» деді

Еуропа Одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Волкан Бозкыр қарызға батқан Грекияда келіспеушіліктің шешілуін талап еткенін айтты.
Бозкыр Люксембургтің Еуропа Одағы Кеңесі кезекті төрағалығы тойланған Анкарадағы қонақ асында Грекия дағдарысына байланысты мәлімдеме жасады.
Волкан Бозкыр Грекияның Евро аймағына Маастрихт келісімін орындайтын экономикалық күшіне ие емес екенін біле тұра алынғанын, сондай-ақ осылайша бүгінгі жағдайға келудің іргетасын қалағанын айтты.
Бозкыр Грекиядан сұраныс болған жағдайда Түркияның жәрдем беретінін, алайда осындай талаптың әлі келмегенін білдірді.
Бозкыр Грекиядағы экономикалық қиыншылықтың өте үлкен болғанын атап өтті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар