Грекиялықтар бұл жолы үкіметке қолдау үшін шеруге шықты

Афиныда мыңдаған адам халықаралық несие берушілермен келіссөз кезеңінде үкіметке қолдау үшін шеруге шықты.

308737
Грекиялықтар бұл жолы үкіметке қолдау үшін шеруге шықты

Афиныда мыңдаған ереуілші халықаралық несие берушілермен келіссөз кезеңінде үкіметке қолдауын қайталады.
Грекияның ақпан айынан бері несие берушілермен жүзеге асырған келіссөздерден әлі нәтиже алынбады.
Халық үкіметке қолдау үшін шеру ұйымдастырды.
Мыңдаған ереуілші Афиныда парламент ғимараты орналасқан Синтагма алаңында жиналды.
Алексис Ципрас басшылығындағы үкіметке қолдау берген ереуілшілер «өміріміз несие берушілерге тиесілі емес», «қорықпаймыз және кері қадам баспаймыз» сияқты ұрандар тастады.
Грекияның көптеген қаласында да ұқсас шерулер ұйымдастырылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар