Автокөлік нарығы 57.11 пайызға өсті

Түркия ағымдағы жылдың алғашқы 4 айында автокөлік нарығында үлкен табысқа қол жеткізді.

263705
Автокөлік нарығы 57.11 пайызға өсті

Түркияның автокөлік және жеңіл сауда көлігі жалпы нарығы 2015 жылдың алғашқы 4 айында алдынғы жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 57.11 пайыз өсті.
Автокөлік саудасы 2015 жылы қаңтар-сәуір кезеңінде алдынғы жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 49.26 пайыз артып, 197 мың 202 данаға көтерілді.
Жеңіл сауда көлігі нарығы да 2015 жылдың алғашқы 4 айында алдынғы жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 85.54 пайыз артып, 67 мың 648 данаға ұласты.
Сәуір айында болса автокөлік және жеңіл сауда көлігі нарығында сатулар 91 мың 602 данаға жетті. 2014 жылы сәуір айымен салыстырғанда саланың 71.85 пайыз өскені деген мағынаға келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар