Қаратеңіз елдері Бакуде бас қосты

Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастық парламенттік ассамблеясының Құқықтық және саяси істер комиссиясының 45-ші жиналысы басталды.

262383
Қаратеңіз елдері Бакуде бас қосты

Түркия да мүше болып табылатын Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастық парламенттік ассамблеясының Құқықтық және саяси істер комиссиясының 45-ші жиналысы басталды.


Бакудегі жиналыста Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастық парламенттік ассамблеясының Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастық ұйымынан тәуелсіздік алып, жоғары мәртебеге жетуі және мүше елдердегі сайлау жүйелері сынды тақырыптар қаралуда.


Түркия делегациясы төрағасы Ихсан Шенер осы жиналыста «Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердегі сайлау заңдарының негізгі принциптері, ұқсастықтар мен айырмашылықтар» атты есебін оқиды. Есеп-мәлімдеме бекітілгеннен кейін 8-11 маусым күндері арасында Молдовада өтетін Пленарлық жиналыста күн тәртібіне келеді.


Қаратеңіз төңірегінде тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауы үшін экономикалық, сауда, әлеуметтік және саяси ынтымақтастықты мақсат еткен Парламенттік ассамблеяның 12 мүшесі бар.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар