Түрік әуе жолдарының жолаушы саны 6.1 пайыз артты

ТӘЖ жасаған мәлімдемеге қарағанда жолаушы саны ішкі бағыттарда 5.6, шетелге 6.4 пайыз жүзеге асты.

268344
Түрік әуе жолдарының жолаушы саны 6.1 пайыз артты

Түрік әуе жолдарының (ТӘЖ) жолаушы саны қаңтар-ақпан айлары арасында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 6.1 пайыз артып, 8.3 миллион болды.
Жолаушы санындағы арту ішкі бағыттар да 5.6, шетелге 6.4 пайыз ретінде жүзеге асты.
Шетел бағытында рейстердің Business/Comfort Class жолаушы саны және шетелден ішкі бағытқа ұшқан жолаушы сандарында да кезегімен 0.8 және 9.3 пайыз артты.
2014 жылы ақпан айының соңында жалпы рейстер бағыт алған қала саны 243 болса, бұл көрсеткіш өткен айдың соңында 261-ге жетті. Ішкі бағыттағы қала саны 42-ден 43-ке ұласты. Шетелде ұшқан қала саны да 201 ден 2018-ге жетті.
Аталмыш кезеңдерде ұшақ саны да 237-ден 263-ке артты.
Басқа жағынан ТӘЖ-ның алғашқы Стамбұл-Ахваз бағытындағы сапары басталды.
ТӘЖ-ның Иранның Ахваз қаласына кеше тұңғыш рет рейс ұйымдастырды.
ТӘЖ Бас директорының орынбасары Ахмет Олмуштур Түркияға жылына 1.5 миллион ирандық жолаушы тасығандарын атап, Иран нарығының өздері үшін маңызды екенін айтты.
ТӘЖ-ның Иранға ұшатын Тегеран, Шираз, Мешхед, Исфахан, Тебриз және Кирманшахтан кейін 7-ші бағыты ретінде басталған Ахваз рейстері сейсенбі, сәрсенбі, жұмы және жексенбі күндері аптасына 4 күн ұшады.
ТӘЖ-ның Ахваз рейстері Кирманшах желісіне қосылып, екі бағыт ретінде жүзеге асады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар