Жаңа желінің құбыры төселді

ТАНАП жобасының іргетасы қаланды.

268243
Жаңа желінің құбыры төселді

Әзірбайжан газын Түркия арқылы Еуропаға айдайтын ТАНАП-тың (Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі) алғашқы құбыры Карс қаласында рәсіммен төселді.


Рәсімге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев және Грузия президенті Георгий Маргвелашвили қатысты.


Шамамен 10 миллиард долларға түсетін жобаның Түркия сатысын қалыптастыратын алғашқы газ 2018 жылы айдалады. Алғашқы сатыда 16 миллиард текше метр газ айдалады. Бұл мөлшер 2031 жылы 31 миллиард текше метрге жетеді. Газдың 6 миллиард текше метрін Түркия алады.


Түркияның 19 қаласынан өтетін ТАНАП құбыр желісінің 15 мың адамға жұмыс мүмкіндігін беруі көзделіп отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар