«Түркия мен Португалияның ынтымақтастығы өте жақсы»

Экономикаға жауапты премьер-министр орынбасары Али Бабаджан Португалияда іскерлермен басқосты.

246915
«Түркия мен Португалияның ынтымақтастығы өте жақсы»

Түркия мен Португалияның екі дос және одақтас ел екенін айтқан министр Бабаджан ынтымақтастықты «өте жақсы» деп бағалады.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу да қатысқан «Түркия-Португалия үкіметаралық саммиті» себепті Португалияға барған Али Бабаджан Сыртқы Экономикалық ынтымақтастықтар кеңесі мен Португалия Сыртқы сауда және инвестиция агенттігі ортақ ұйымдастырған жұмыс асында түрік және португалиялық іскерлермен басқосты.
Бабаджан екі ел арасындағы сауда көлемінің 1,3 миллиард долларға ұласқанын, Португалиядан Түркияға тікелей инвестицияның болса 765 миллион доллар екенін атап көрсетті.
Бабаджан Португалияда салынатын кеме порты тендерін түрік концорциумының ұтып алумен Түркиядан Португалияға маңызды мөлшерде шетелдік инвестиция кіретінін түсіндірді.
Али Бабаджан Түрік әуе жолдарының сәуір айынан бастап Порту қаласына рейстерін бастайтынын, Лиссабонға болса күніне екі рейстің ұшатынын жеткізді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар