Түркия экспорт табысын 155 миллиард 14 миллион долларға жеткізді

Түркия экспортшылар мәжілісі ақпан айы экспорт көрсеткіштерін жариялады.

242720
Түркия экспорт табысын 155 миллиард 14 миллион долларға жеткізді

Түркияның соңғы 12 айлық экспорты 1.7 пайыз артып, 155 миллиард 14 миллион долларға жетті.
Түркияның ақпан айы экспорты болса өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 13 пайыз төмендеп, 10 миллиард 495 миллион доллар болды.
Экспорттың ақпан айында азаюына көрсеткіштердегі паритеттің төмендеуі және болымсыз күн райының кері әсер еткені атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар