Түрік әуе жолдарынан тағы бір демеушілік қызмет

Түрік әуе жолдары Боснияның тамырлы клубтарының бірі Сараево футбол командасымен келісті.

237079
Түрік әуе жолдарынан тағы бір демеушілік қызмет

Түрік әуе жолдарынан тағы бір демеушілік қызмет


Соңғы жылдары көптеген спорттық клуб және организацияларға демеуші болған Түрік әуе жолдары енді Боснияның тамырлы клубтарының бірі Сараево футбол командасымен келісті.
Бас қала Сараевода өткен қол қою рәсіміне Түрік әуе жолдары және клуб басшыларымен бірге көптеген қонақ пен елдегі түрік мекемелерінің өкілдері қатысты.


Сараево футбол клубының басшысы Энис Кусторица осы келісімнің өздері үшін маңызы зор екенін атап айтты.


Босния-Герцоговинадағы Түрік әуе жолдарының өкілі Салих Кансу да екі ел арасындағы байланыстың артып отырғанын, мұның рейстерге де әсер еткенін айтып, осы келісім арқылы да шыңдала түсетінін білдірді.


Түрік әуе жолдары бұдан бұрын Босния үшін өте маңызды Сараево Бизнес форум және Сараево фильм фестивалі сынды ірі организацияларға демеуші болған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар