Кибер шабуылдармен тарихтың ең үлкен банк тонау оқиғасы

Хакерлер 30-дан астам елде 100-ден көп банк пен ұйымның 1 миллиард долларын тонады.

219887
Кибер шабуылдармен тарихтың ең үлкен банк тонау оқиғасы

Кибер шабуылдармен тарихтың ең үлкен банк тонау оқиғасы


Хакерлер 30-дан астам елде 100-ден көп банк пен ұйымның 1 миллиард долларын тонады.


Ресей, Украина, Қытай және кейбір Еуропа елдерінің хакерлері әрбір банктің өзіндік жүйесін меңгеру және қолға түсіру сынды шеберлік қажет ететін кибер шабуыл жасады.


Банк компьютерлеріне зиянды бағдарламалар арқылы кірген хакерлер жалған куәліктермен есепшот ашқан. Артынан банк қызметкерлері істеген секілді боп жүз мыңдаған есепшоттан аз-аздап ақша трансфері жүргізген. Осылайша қауіпсіздік жүйелеріне байқатпай, тонаған.


Хакерлер айырықша көптеген ақша беретін машиналарды белгілі бір күн мен уақытта өздігінен ақша беретін қып компьютерлік бағдарлама дайындаған.


Тек бір банктің ақша беретін жиһаздарынан 7,5 миллион АҚШ доллары, бір қаржы компаниясынан да 10 миллион доллар ешкім байқамастан тоналған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар