"Түркия инвестиция үшін маңызды бір орталық"

Вице-премьер Али Бабаджан Халықаралық Қаржы институтының жиналысына қатысты.

214163
"Түркия инвестиция үшін маңызды бір орталық"

Вице-премьер Али Бабаджан динамизм мен өсуді нысанаға алған инвесторлар үшін даму жолындағы мемлекеттердің маңызды бір мүмкіншілік екенін айтты.
Стамбұлдағы Халықаралық Қаржы институтының жиналысына қатысқан Бабаджан Түркияның да инвестиция үшін маңызды бір орталық екенін атап көрсетті.
Түркияның Үлкен 20 кезекті төрағалығы себепті Халықаралық Қаржы институты жиналысы Стамбұлда өтті.
Вице-премьер Али Бабаджан жиналыста даму жолындағы мемлекеттердің жағдайы туралы көзқарасын бөлісті.
Бұл елдердің маңызына тоқталған Бабаджан Түркияның аймақтық мәні мен инвестиция мүмкіншіліктеріне назар аударды.
Бабаджан Стамбұлдың халықаралық бір қаржы орталығына айналуы жөніндегі жұмыстарды түсіндірді.
Алдағы 4 жыл үшін ауқымды бір құрылымдық реформа бағдарламасы дайындағандарын атап айтқан Бабаджан осыған қатысты 25 тақырыпта мың 200-ден астам жобаны жоспарлағандарын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар