Ципрас Грекияның қарыздарын жеңілдету үшін Брюссельге барды

Ауыр қарызға батқан Грекияда жаңа әкімшілік құтқару пакеті шарттарын өзгертуге күш жұмсауда.

211840
Ципрас Грекияның қарыздарын жеңілдету үшін Брюссельге барды

Еуропа астаналарынан қолдау сұраған Грекия премьер-министрі Алексис Ципрастың бүгінгі аялдамасы Брюссель.
Бұл кезеңде Афины күн тәртіпке әкелген «қарыз алмасу» ұсынысына не жауап қайтаратыны белгісіз.
Римде Италия премьер-министрі Маттео Ренцидің «Қарызды кері қайтару шарттары тақырыбында келісім жасалатынына кәміл сенемін» деп қолдау берген Алексис Ципрастың кейінгі аялдамасы Брюссель болды.
Ципрас Еуропа Комиссиясы төрағасы Жан-Клод Юнкермен бас қосты.
Афины соңғы сатыда қарыздардың бір бөлігінің жойылуынан гөрі «қарыз алмасу» деп атаған жаңа бір ұсынысқа көңіл бөлуде.
Аталмыш ұсыныс Еуропа Орталық Банкінің қолындағы Мемлекеттік облигация мен Евро аймақ үкіметтеріне қарыздарының бір бөлігін екі түрлі облигациямен алмастыруды жоспарлайды.
Облигациялардың бірі экономикалық өсумен байланысты, екіншісі болса мерзімсіз болады.
Ұсыныстың күн тәртіпке келуімен Грекияда биржа 11 ұпайға өсті.
Басқа жағынан ресми байланыстар аясында Германияға барған Грекия Қаржы ‘Die Zeit’ (Дий Сайт) газетіне берген сұхбатында «Грекияда жаңа үкімет жүргізетін саясаттың реформалаудан кері қадам басу деген мағынаға келмейтінін немістер байқау керек» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар